Қазақстан ерлер құрамасы бокстан “Жібек жолы” халықаралық турнирін тоғыз медальмен аяқтады

Дастан Кенжалин

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өткен "Жібек жолы" халықаралық турнирінде тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бағлан Кенжебек (54 келі) және Нұрбек Мурсал (71 келі) алтын медальға ие болса, ал Санжарәлі Бегалиев (75 келі) күміс жүлде еншіледі. 

Қола жүлде иегерлері: Нұрғиса Тұрабеков (48 келі), Жандәулет Сәрсенбаев (54 келі), Ерхан Тұрдан (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асылхан Көшербай (67 келі), Дәурен Мамыр (86 келі).

Осылайша, Қазақстан құрамасы "Жібек жолы" халықаралық турнирін 18 медальмен аяқтады.