Теннисшілеріміз Олимпиададағы бәсекесін аяқтады

Редакция Ulyssport

Теннисшілеріміз жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды, Ulyssport.kz

Бүгін теннистен ерлер арасындағы жұптық бәсекеде Александр Бублик/Александр Недовесов алғашқы айналымда Бразилияның Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлд спортшыларымен кездесті.

Екі сетке созылған матчта жерлестеріміз 4:6, 4:6 есебімен жеңіліске ұшырап, жарыс жолынан шығып қалды.

Осылайша теннистегі спортшыларымыздың барлығы алғашқы айналымнан аспады.