Шавкат Рахмонов желіні дүр сілкіндірді

Редакция Ulyssport

UFC-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде ирландиялық Иэн Гэрримен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Ulyssport.

Әлеуметтік желіден

Рахмонов Instagram парақшасына 2024 жылы 8 желтоқсанда UFC 310 турнирінде Гэрриге қарсы өткізген жеңісті жекпе-жектің кадры аясында түскен суретін салып, оған Скриптониттің «Босаңсыма» атты трегін қосты.

Айта кетейік, бұған дейін Иэн Гэрри өзінің жатын бөлмесіне Рахмоновпен болған жекпе-жектің фотосын іліп қойғанын мәлімдеген еді. Ол суретте Гэрри Шавкатқа тұншықтыру әдісін қолданып жатыр.

Еске салсақ, аталған жекпе-жек 2024 жылғы 8 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде өтті. Онда Шавкат Рахмонов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.