Қазақстанның бес спортшысы қылышпен семсерлесуден Сеулдегі Гран-при кезеңінде бақ сынайды

Редакция Ulyssport

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Ulyssport порталы ҚР ҰОК-ға сілтеме жасап.

ҰОК

Бапкерлер штабы бұл турнирге бес спортшыны тіркеді.

Жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько және Диляра Исабекова бақ сынайды.

Гран-при кезеңі 2-4 мамыр аралығында өтеді.