Милад Карими Дохада өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстанның спорттық гимнастикадан ұлттық құрамасы Доха (Катар) қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екі жүлде жеңіп алды.
Екі жүлде де еркін жаттығулар бағдарламасында келген.
Бұл бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен – Милад Карими. Ол төрешілерден 14,466 ұпай алды.
Одан кейінгі орында Алтынхан Темірбек – 13,633 ұпай.
Үздік үштікті Сэм Мостоуфи (Ұлыбритания) түйіндеді – 13,600 ұпай.