Танымал түрік журналисі Серкан Дикме "Бешикташ" және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдиновтың денсаулығына қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Ulyssport.
Оның айтуынша, Зайнутдиновтың жарақат алғаннан кейін сіңірі ісіп кеткен.
«Бактиер Зайнутдинов жарақатынан кейін сіңірі ісіп кеткен. Қазір өзін жақсы сезінеді, алайда жүгіру кезінде сіңірі қайта ісініп, мазасын алады», — деп мәлімдеді журналист.
Айта кетейік, 2023/24 маусымында Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Алайда жарақатына байланысты ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының алғашқы матчтарына қатыса алмады.
БАХТИЕР ЗАЙНУТДИНОВ
Бактиер Зайнутдинов — Қазақстан ұлттық құрамасының және Түркияның әйгілі "Бешикташ" клубының жартылай қорғаушысы. Ол өзінің әмбебаптығымен, шапшаңдығымен және алаңдағы еңбекқорлығымен танымал. Бұған дейін Ресейдің "Ростов", ЦСКА клубтарында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасындағы негізгі ойыншылардың бірі болып саналады.