Александр Бублик: Қазақстандықтардан кешірім сұраймын

Редакция Ulyssport

Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, деп жазады Ulyssport.kz.

 

 

Фото: Olympic.kz/Владислав Семенов

"Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын. Сашамен (Недовесов - ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес", - деді Бублик.