Өзбекстандағы қаны қазақ боксшы WBA Intercontinental чемпионы атанды

Дастан Кенжалин

Өзбекстандағы қаны қазақ боксшы Руслан Абдуллаев WBA Intercontinental чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport Qsport.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/ruslann_abdullaev

Оушенсайдта (АҚШ) өткен бокс кешінде Руслан Джино Родригомен (13-5-2, 11 KO) жұдырықтасты.

Жекпе-жек жоспарланған 8 раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен Руслан айқын жеңіске жетті.

Осылайша кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде-ақ WBA Intercontinental чемпионы атанды!