Есеп 18:0 - Қазақстан чемпионатындағы сенсацияға толы матч

Редакция Ulyssport

Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аясында өткен матчта «Томирис-Тұран» мен «Оқжетпес» командалары кездесті. Кездесу өте ірі есеппен – 18:0 нәтижесімен аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Бұл ойында ерекше көзге түскен ойыншылар:

  • Алина Хан бір матчта бес гол соғып, пента-трик жасады,

  • Медина Нұрланқызы хет-трикпен танылды,

  • Элина Ирисметова, Айша Садықова және Гаухар Мусина дубль авторы атанды,

  • Анастасия Тян, Алена Иванова және Жайна Орынбасар бір-бірден гол соқты,

  • Ал Адель Бектасова кездесу барысында өз қақпасына автогол соғып алды.

Алайда осындай ірі жеңіске қарамастан, «Томирис-Тұран» екі турдан кейін бар болғаны 4 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Ал көш басында 6 ұпайдан жинаған «БИИК-Шымкент» пен «Ақтөбе» командалары орналасқан. «Оқжетпес» турнирлік кестенің ең соңғы сатысында келеді.