Астанада таэквондодан халықаралық турнир өтеді

Дастан Кенжалин

Астанада таэквондодан Kazakhstan Open G-1 ірі халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл спорттық шара Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген және биылғы 14–16 тамыз аралығында өтеді.

Үш күн бойы даянгта әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік кадеттер, жасөспірімдер мен ересек спортшылар бақ сынайды.

Турнир өтетін орын – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені.