Макгрегор Рахмоновқа «көмектесуі» мүмкін

Редакция Ulyssport

Конор Макгрегор UFC-ге оралуды жоспарлап отыр — бұл Шавкат Рахмонов үшін тиімді болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

UFC-дің бұрынғы жұлдызы, ирландиялық файтер Конор Макгрегор (22-6) октагонға қайта оралғысы келетін ниетін әлі де жоғалтпаған.

Оның қарсыласы ретінде ағылшын спортшысы Пэдди Пимблетт (23-3) қарастырылып жатыр. Ол жуырда америкалық Майкл Чендлерді (23-10) нокаутқа түсіріп, көпшіліктің назарын аударған болатын. Пимблетттің өзі бұл жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді, себебі оны коммерциялық жағынан тиімді деп санайды.

Макгрегор мен Пимблетт арасындағы мүмкін жекпе-жек қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновқа (19-0) да тиімді болуы ықтимал. Себебі бұған дейін Пимблетт жеңіл салмақтан жартылай орта салмаққа көтерілуі мүмкін екенін айтқан еді. Бұл — дәл сол дивизионда өнер көрсететін Рахмонов үшін бір бәсекелеспен кем деген сөз.