Қазақстан қоржынына тағы бір күміс түсті

Редакция Ulyssport

Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Қытайдың Тайань қаласында өткен World Taekwondo President’s Cup — Asian Region халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Спортшы 63 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Алғашқы кездесуде ол отандасы Дулат Абдимәлікті жеңді, сосын ширек финалда Тайбэйлік Хуанг Чо Ченгті сенімді түрде жеңіп шықты. Жартылай финалда Самирхон Оңтүстік Кореялық Жанг Жабиннен басым түсті, осылайша финалға жолдама алды.

Финалда қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Оңтүстік Кореялық Джун Джанмен кездесіп, оған қарсы тұрды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Бұрын Батырхан Төлеуғали (80 кг-ға дейін) және Әзиза Қаражанова (53 кг-ға дейін) үшінші орын алған болатын.