Қазақстан құрамасы Австрияны тас-талқан етті

Редакция Ulyssport

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі ерлер хоккей құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобында екінші матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстандық хоккейшілер Австрия құрамасымен ойнап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында олар үш шайба айырмашылығымен алда болған. Қазақстан құрамасы үшін шайбаларды Бексұлтан Мәкіш (6-минутта), Аристарх Киреев (14-минутта), Руслан Түсүпбеков (15-минутта) және Санжар Ибрагим (59-минутта) салған. Ал Австрия құрамасы үшін Леон Коларик (36-минутта) және Пауль Оберхаузер (50-минутта) ерекшеленді.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Венгрияны (4:0) жеңгенімен, Словениядан (буллиттерде 2:3) және Даниядан (2:5) екі рет жеңіліске ұшыраған болатын.