Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы 14 лицензия алды

Редакция Ulyssport
QAZPARALYMPICS

2024 жылғы 28 тамызы мен 8 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) XVII паралимпиада ойындары өтеді. Қазіргі уақытта қазақстандық паралимпиадашылардың активінде 14 лицензия бар,-деп хабарлайды ҚР Паралимпиада комитеті

Франция астанасындағы жарыстар спорттың 23 түрінен өтеді. Қазақстан құрамасы бұл жарыста 9 спорт түрінен өнер көрсетуді жоспарлап отыр. 

Атап айтсақ:

  1. пара жеңіл атлетика, 
  2. пара пауэрлифтинг,
  3. пара тэквондо, 
  4. пара үстел теннисі, 
  5. пара жүзу, 
  6. парадзюдо, 
  7. параканоэ, 
  8. пара волейбол 
  9. пара оқ ату.

Бірақ бұл Қазақстан паралимпиадалық құрамасының соңғы тізімі емес. Париж жарыстары басталғанға дейін тағы 23 спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр, онда 2024 жылғы паралимпиада ойындарына лицензиялар ойнатылады.

Еске салайық, өткен Токио-2020 паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 25 спортшымен бес медаль жеңіп алған. Бір "алтын", үш " күміс" және бір "қола". Бұл марапаттар саны бізге жалпы командалық ойыннан 48-ші орынға ие болуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Париждегі жазғы ойындарға бару үшін біздің негізгі құраманың активінде 31 лицензиясы бар. Соңғы жетістіктеріне қазақстандық семсерлесушілер Тбилисиде (Грузия) өткен Әлем Кубогы кезеңінде қол жеткізген болатын.