Дзюдошы Нұраділ Әлжан әлем чемпионатының жүлдегерін жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
Ширек финалдық белдесуде Әлжан екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері оңтүстіккореялық Харим Лимен кездесті.
Негізгі уақытта қос спортшы да жеңімпазды анықтай алмады. Белдесудің тағдыры қосымша уақытта шешіліп, онда қазақстандық балуан тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті.
Осылайша, Нұраділ Әлжан Азия чемпионатының финалына шығу үшін күресетін болады.