Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Дастан Кенжалин

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, 25 сәуірде 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Довлатов пен Нұраділ Әлжан, сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренқайыпов қола медаль үшін күресетін болады.