Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Дастан Кенжалин

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов қола медаль иеленді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.  Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.

Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күрескен еді. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді. 

Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болған еді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.