Қазақстанның тумасы Әзербайжанға Олимпиада алтынын сыйлады

Редакция Ulyssport

Қазақ жерінде өмірге келген Хидайет Гейдаров Париж Олимпиадасында топ жарды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Ашық дереккөз

Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Хидайет Гейдаров финалдық белдесуде Франция спортшысы Жоан-Бенджамин Габаны таза жеңіп, Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

Хидайет Гейдаров — 1997 жылы 27 шілде күні Қарағанды қаласында дүниеге келген. 3 жасында ата-анасы Әзербайжанға көшуге шешім қабылдаған.

6 жасынан бастап дзюдомен айналысқан спортшының басты жетістіктері:

Әлем чемпионы (2024)

4 дүркін Еуропа чемпионы (2017, 2022, 2023, 2024)

«Үлкен дулыға» турнирінің 7 дүркін чемпионы (2019, 2022, 2023, 2024)