Дзюдодан Азия чемпионаты: үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды

Редакция Ulyssport

Таиландтың Бангкок қаласында дзюдодан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Финалға дейінгі кезеңдердің қорытындысы бойынша ақтық сынға Қазақстан құрамасының үш балуаны өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Максим Мейірлан (90 келіге дейін) және дәл осы салмақ дәрежесінде Ермахан Әнуарбеков жұбаныш белдесулерінде жеңіске жетіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Әйелдер арасында Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) қола жүлде үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер сағат 14:00-де басталады.