Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатының командалық жарысында қола медаль үшін күреседі

Дастан Кенжалин

28 сәуірде Бангкок (Таиланд) қаласында дзюдодан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Соңғы медальдар аралас командалық жарыстарда сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін бақ сынайды. 1/4 финалда қазақстандық дзюдошылар Моңғолия командасынан жеңіліп қалды.

Жұбаныш белдесуінде Қазақстан Қырғызстаннан басым түсіп, жарыс күнінің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.