Милад Карими қазақстандық гимнаст Каирде (Мысыр) өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
Карими көлденең шығырықта ең жоғары нәтиже көрсетті. Ол өзінің бағдарламасын сәтті орындап, төрешілерден 14,466 ұпай жинады.
Екінші орынды Мариос Георгиу (Кипр) — 14,066 ұпаймен иеленсе, үшінші орын Ноэ Сейфертке (Швейцария) бұйырды — 13,866 ұпай.
Айта кету керек, Карими бұрын да еркін жаттығуларда үздік атанып, Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жеткен болатын. Оның қоржынында Әлем кубогынан жеңіп алған алты алтын медаль бар.