Сегіз қазақстандық дзюдошы Душанбеде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасы дзюдодан Grand Slam санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Ulyssport

Фото: ҰОК

Ауқымды халықаралық жарыс 1–3 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтеді.

Еліміздің намысын сегіз спортшы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, медаль үшін төмендегі дзюдошылар күреседі:

- Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)

- Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)

- Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)

- Ықылас Әлсейіт (73 келіге дейін)

- Аңсарбек Ғайнуллин (81 келіге дейін)

- Досхан Жолжақынов (81 келіге дейін)

- Ермұхан Естай (100 келіге дейін)

- Мұхаммедәли Мавлидов (100 келіге дейін)

Жалпы аталмыш турнирге 200-ден астам спортшы қатысады.