Үстел теннисі: Кирилл Герасименко әлем чемпионатының жүлдегерін тоқтатты

Редакция Ulyssport

Париж Олимпиадасында сынға түсіп жатқан спортшымыз жарысты одан әрі жалғастырады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Үстел теннисінен сынға түскен жалғыз өкіліміз Кирилл Герасименко 1/16 финалда Еуропа чемпионы, командалық сайыстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дан Цюды (Германия) 4:3 (6:11, 11:6, 11:13, 5:11, 11:5, 11:9, 11:6) есебімен жеңіп кетті.

Қос спортшы бұған дейін де 2024 жылы командалық әлем чемпионатында жолығып, отандасымыз 3:2 есебімен жеңген болатын.

Енді жерлесіміз 1/8 финалда Египет әлде Эквадор спортшысының қай жеңгенімен кездеседі.