Қазақ ауыр атлеті әлем чемпионы атанды

Редакция Ulyssport

Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulys Sport.

фото: IWF

Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейт Перудің Лима қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы қос сайыстың қорытындысы бойынша 262 келіні (117+145) еңсеріп, алтын медаль иеленді.

Екінші орын түркиялық Рамазан Йылмазға бұйырды – ол 261 келіні (108+153) көтерсе, үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев түйіндеді – 252 келі (113+139).