Әбиба Әбужақынова Душанбедегі Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі

Дастан Кенжалин

2-4 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) жарыстың қола жүлдесі үшін таласқа түседі. 

Спортшымыз жарысты сәтті бастап, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда 1/2 финалда қытайлық Чжуан Веннаға есе жіберді. Қола жүлде үшін Әбужақынова өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездеседі.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.