Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты

Редакция Ulyssport

Бокстан 63,5 келіде өнер көрсететін жерлесіміз екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан 3:2 есебімен басым түсті. 

«Олимпиада болған соң, атмосфера сезіледі. Себебі, бұл бокстың ең үлкен шыңы. Екінші жекпе-жегім оңай болмады. Қарсылас ыңғайсыз. Солақай. Былтыр Азия ойындарында финалға дейін жетіп, Олимпиадаға жолдама алған. Бұрыннан келе жатқан тәжірибелі боксшы. ¼ финалда 67 келіде кейінгі 2 әлем чемпионатының қола жүлдегері Лаша Гурулимен (Грузия) кездесемін. Бұйырса, бапкерлердің ақыл-кеңесімен жеңіске жетемін деген сенімдемін».

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын. 

Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді.