Қазақстан құрамасы Швецияға аттанды. Онда хоккейшілер 6 мамыр күні Словенияға қарсы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Ulyssport.
Ал 7 мамырда команда Данияның Хернинг қаласына жетіп, Әлем чемпионатына қатысады.
Бапкерлер штабы алдағы турнирге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 25 хоккейші енді.
Қақпашылар: Желал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, Бүкілресейлік хоккей лигасы), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау), Максим Павленко («Рязань – ВДВ», Рязань, Бүкілресейлік хоккей лигасы)
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамерлан Гайтамиров, Артём Королёв (барлығы — «Барыс», Астана, ҚХЛ), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ).
Шабуылшылар: Алихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Алихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы — «Барыс», Астана, ҚХЛ), Владимир Волков («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Артём Лихотников («Хумо», Ташкент), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, Бүкілресейлік хоккей лигасы), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ).