Алматылық "Қайрат" футзал клубының бразилиялық шабуылшысы Денер енді мансабын Испанияда жалғастырады, деп хабарлайды Ulyssport.
Ол испаниялық "Эль-Посо" клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл трансфер "Қайратпен" арадағы келісімді мерзімінен бұрын тоқтату арқылы жүзеге асты. Vesti.kz жазуынша, қазақстандық клуб осы келісім үшін өтемақы алады.
Денердің ауысуы футзалдан Чемпиондар лигасының "Төрттік финалы" барысында рәсімделген. Сол кезеңде "Қайрат" финалға дейін жеткен болатын. Relevo мәліметінше, испаниялық клуб Денердің келісімшартындағы сатып алу шартын іске қосып, 34 мың еуро (шамамен 20 миллион теңге) төлейді. Бразилиялық ойыншы жаңа клубпен екі жылдық келісімге қол қойды, әрі тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
Денер "Қайрат" сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді және команданың шабуыл шебіндегі негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ол кәсіби мансабын Бразилияда бастаған. Бұған дейін Жапония мен Италияда ойнаған, кейін Еуропаға қайта оралып, алдымен Ресейдің КПРФ клубында өнер көрсетті, сосын "Қайратқа" қосылған.