Қазақстандық боксшыға АҚШ-қа кіруге тыйым салынды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) виза мәселесіне байланысты титулдық жекпе-жектен айырылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) кездесуге міндетті үміткер ретінде тіркелген. Алайда оған АҚШ-қа кіруге рұқсат берілмеген.

– Екі рет құжат тапсырып, екі рет бас тартуға жауап алдым. Қазір ол жақта бір таныс адам жұмыс істеп жатыр, тағы да өтініш беріп көрмекпін. Жоспар – АҚШ-қа барып, сонда дайындалу. Шақырту болған, бірақ маған: "Қайтара алмаймыз, себебін де түсіндіре алмаймыз" деп төлқұжатымды қайтарып берді, – деді Нұрсұлтанов YouTube-тегі "Бірінші Бол" арнасында.

Жекпе-жек өтпеуі мүмкін деген қауіп боксшының мансабындағы маңызды кезеңде туындап отыр.