Қазақстандық ауыратлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Дастан Кенжалин

Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды, оның екеуі — алтын.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Ксения Прозорова (59 келіге дейін) мен Бейбарыс Ерсейіт (61 келіге дейін) бірінші орынға ие болды.

Қола жүлдені Кира Данилова (71 келіге дейін), Ернұр Мырзахметов (73 келіге дейін) және жастар санатында өнер көрсеткен Ерасыл Саулебеков (81 келіге дейін) жеңіп алды.