Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қылышпен семсерлесуден Гран-при турнирі аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекеде бақ сынады. Өкінішке қарай, отандастарымыз жүлделі орындарға ие бола алмады.
Ерлер арасында Артём Саркисян 24-орынға ие болса, Бақдәулет Құралбекұлы — 55-орын, Жанат Нәбиев — 92-орын, Назарбай Саттархан — 137-орын, Қуаныш Ерғашбай — 161-орынмен жарысты аяқтады.
Әйелдер арасында Әйгерім Сарыбай 60-орынға табан тіресе, Татьяна Приходько — 78-орынға, Анастасия Гулик — 97-орынға, Карина Доспай — 99-орынға, Диляра Исабекова — 136-орынға ие болды.