Үш қазақстандық дзюдошы Астанадағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Дастан Кенжалин

9 мамырда дзюдодан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

60 келіге дейінгі салмақта үш қазақстандық балуан аталмыш жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалдық бәсекеде Мағжан Шамшадин бразилиялық Кристиан Сильваны ұтты.

Талғат Орынбасар Өзбекстан спортшысы Достона Рузиеваны жеңді. Ал Аман Бақытжан франциялық Энцо Джинды тізе бүктірді.

Айта кетейік, Аман Бақытжан жартылай финалда отандасымыз Талғат Орынбасармен кездеседі. Ал, Шамшадин ресейлік Изнаур Сааевпен белдеседі.