Дзюдодан Grand Slam турнирі: Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті

Дастан Кенжалин

Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Екі спортшы да 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.

Шамшадин франциялық Энцо Джиннен басым түсті.

Ал Бақытжан әлем чемпионатының жүлдегері, оңтүстіккореялық Харим Лиден жеңісті жұлып алды.