Дзюдодан Қазақстан құрамасының балуаны Есет Қуанов Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Есет Қуанов грузиялық Михейли Бахбахашвилиді жеңді.
Сондай-ақ, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар қола медаль үшін италиялық Мануэль Парлатимен белдеседі.