Абылайхан Жұбаназар Астанадағы Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Есет Қуанов (73 келіге дейін) қола жүлде иеленген болатын.