Көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Дастан Кенжалин

16 мамырда Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Жекелей бағдарлама бойынша Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова медаль үшін бақ сынайды.

Топтық жаттығуларда еліміздің намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғайды.

Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады.