Әлемнің 76-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Финалда қазақстандық теннисші Қытай өкілі Бу Юньчаокэтэмен (ATP рейтингінде 3-орын) кездесіп, 6:3, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бұл – Александрдың ATP Challenger санатындағы жекелей сын бойынша жетінші, ал топырақ төсенішіндегі алғашқы титулы.
Сондай-ақ, ол бұған дейін ATP 250 санатындағы үш турнирде, ATP 500 санатындағы бір турнирде жеңіске жеткен.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Зарина Дияс жарақатынан кейінгі үзілістен соң алғашқы турнирінде жеңіске жеткенін жазған едік. Ол Жапонияда өткен ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды.