Қазақстандық боксшының жойқын соққысынан кейін қарсыласы ес жия алмай қалды

Дастан Кенжалин

Азатбек Жолдасханның нокаутынан кейін қарсыласын зембілмен көтеріп алып кетті, деп хабарлайды Ulyssport qsport.kz-ке сілтеме жасап.

Видео кадры

Коломбода 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Ауыр салмақтағы (92 кг) жартылай финалдық жекпе-жекте отандасымыз пәкістандық Абдула Муджахиданы ұрып құлатты.

Азатбек финалда ауған боксшысымен жұдырықтасады.

Бұл жарысты IBA ұйымдастырып жатыр.