Ирландиялық UFC жекпе-жек шебері Иан Гарри Джек Делла Маддалена Ислам Махачевке жеңілсе, Шавкат Рахмонов келесі үміткер болады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulyssport Offside.kz-ке сілтеме жасап.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы файтері Иан Гарри Ариэль Хельваниға берген сұхбатында өз дивизионындағы титул таласы жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, егер австралиялық Джек Делла Маддалена ресейлік Ислам Махачевке жеңілсе, Шавкат Рахмонов чемпиондық белдікке басты үміткер болады.
«Егер Джек Исламнан жеңілсе, келесі титул үшін таласатын – Шавкат Рахмонов. Менің ойымша, бұл жекпе-жек 2026 жылдың наурыз айында немесе Рамазаннан кейін өтеді. Шавкаттың Рамазанды атап өтетінін білмеймін. Бірақ Исламның атап өтетіні анық. Сондықтан бұл салмақта екі рет титул қорғалғанша біраз уақыт өтеді», – деді Гарри.
Рахмонов – дивизионның басты үміттілерінің бірі
Қазіргі таңда Махачев пен Делла Маддалена арасындағы чемпиондық жекпе-жектің нақты күні бекітілмеген. Ал Қазақстандық Шавкат Рахмонов болса, жартылай орта салмақта ең перспективалы спортшылардың бірі ретінде аталып жүр. Ол 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.