Үстел теннисі: Кирилл Герасименко 1/8 финалға өте алмады

Дастан Кенжалин

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Дохада (Қатар) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

 

Отандасымыз бразилиялық Уго Кальдераномен кездесті.

Қазақстандық спортшы алғашқы екі кезеңді өз пайдасына аяқтады. Алайда кейін қарсыласы қатарынан төрт кезеңде жеңіп, жалпы есепте 4:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Герасименко 1/8 финалға жолдама ала алмады.