Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова алтын медаль жеңіп алды

Дастан Кенжалин

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Отандасымыз 13 жасқа дейінгі жас санатында топ жарды.

Жеңіске жету жолында Жәния Италия, Испания, Венгрия, Германия және Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Жәния бұған дейін Болгариядағы турнирде жеңіске жеткен болатын.