Жүзуші Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде медальға бір қадам жетпей қалды

Дастан Кенжалин

Қазіргі уақытта Барселона (Испания) қаласында жүзуден ірі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бірінші күні Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Әділбек Мусин көрсетті. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалда төртінші болып келді.

Төменде А және В финалдарында өнер көрсеткен спортшыларымыздың нәтижелері келтірілген:

Ксения Игнатова - 200 метрге арқамен жүзу, 8-орын

Ксения Игнатова - 50 метрге арқамен жүзу, 16-орын

Арсен Қожахметов - 50 метрге брасс әдісімен, 15-орын

Софья Сподаренко - 50 метрге баттерфляй әдісімен, 10-орын

Максим Сказобцов - 100 метрге баттерфляй әдісімен, 14-орын