Париж Олимпиадасында дзюдодан сайысқа түскен Эсмигул Куюлова есе жіберді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасындағы бірінші белдесуінде Лубьяна Пиовесанаға (Аустрия) жол берді.
Айта кетейік, бұл Эсмигүлдің алғашқы Олимпиадасы. Ал Любьяна - Үлкен дулыға бәсекесін 2 рет жеңген, жастар арасында Еуропа чемпионы.
Бұған дейін 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар да жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Әзірше дзюдодан ұлттық құрамамыздан 60 келідегі Елдос Сметов (“алтын”) пен 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев (“қола”) жүлде алды.