Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстан құрамасы турнирде алғашқы медалін жеңіп алды. Оның авторы - Ясмина Тоқсанбаева.
Спортшы 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлдені иеленді. Тоқсанбаева бұл қашықтықты 01:32:22 уақытта жүріп өтті.
Бірінші орынды қытайлық Инь Хан жеңіп алды - 01:30:44. Одан кейін мәре сызығын тағы бір Қытай спортшысы Ма Ли кесті - 01:32:08.
Ерлер арасындағы осы бағдарламада Георгий Шейко сегізінші орынға табан тіреді.