Рыбакина: Страсбургтегі жеңіс сенімділік берді

Ерик Ильясов

Франция ашық біріншілігінің алғашқы айналымында жеңіске жеткен Елена Рыбакина матч соңында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Арасында ulyssport.kz тілшісі де бар еді.

Yonex

«Страсбургтен келе сала кеше кешкісін бір-ақ рет жаттықтым. Жалпы екі жақтың корттары ұқсас. Бірдей доппен ойнайды екенбіз. Әрине әрбір жеңіске қуанасың. Үлкен дулыға турнирінің алдында титулға қол жеткізу сенімділік береді», – деген Рыбакаина

Қарсыласы аргентиналық Хулия Риера туралы сұраққы былай деп жауап берді:

«Мен оның матчтарын қарап шықтым және ол туралы командаммен талқыладым. Жақсы ойнайды. Слайс әдісін жиі қолданды. Екінші сетте допты ойынға қосуым онша болмады. Сонымен қатар, ол үнемі менің жылдамдығымды өзгертіп отырды, мені мазалағаны да осы».

Франция ашық чемпионатының екінші айналымында Елена Рыбакина 17 жастағы америкалық теннисшісі Ива Йовичпен кездеседі. Қыздар осыған дейін бір рет Аустралияда кездескен.