Қазақстанда туған әлем чемпионы өмірден өтті

Дастан Кенжалин

КСРО-ның даңқты балуаны, әлемнің төрт дүркін чемпионы Салман Хасимиков 73 жасында өмірден озды. Оның қайтыс болғанын Ресейдің спорттық күрес федерациясы ресми түрде растады, деп хабарлайды Ulyssport 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

© РИА Новости / Владимир Акимов

ТОЛЫҒЫРАҚ

Салман Хасимиков 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күрескен. Ол 1979, 1981, 1982 және 1983 жылдары әлем чемпионатында топ жарып, төрт мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, 1979 және 1981 жылдары Еуропа чемпионатының алтын медалін жеңіп алған. Кейіннен бірнеше жыл бойы кәсіби рестлингке бет бұрып, ауыр салмақтағы халықаралық Гран-при турнирінің чемпионы атанған.

Алайда оның спорттық жолында Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігі болмады. 1976 жылғы Олимпиада алдында жарақат алса, 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасы қарсаңында КСРО чемпионатында ұлттық құрамадан шет қалды. Ал 1984 жылғы Олимпиадаға КСРО-ның бойкот жариялауына байланысты қатыса алмады.

Айта кетерлігі, Салман Хасимиков Қазақ КСР аумағында шешен отбасында дүниеге келген.