Ресей 2026 жылғы Олимпиадаға қатыспайды – ХОК шешімі

Дастан Кенжалин

Ресей спорттық командалары, оның ішінде ұлттық хоккей құрамасы, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) арнайы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: MANAN VATSYAYANA/AFP via Getty Images

Ұйым Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты енгізілген санкциялар күшінде қалатынын нақты атап өтті. Мәлімдеме ресейлік БАҚ-та тараған — Ресей хоккей федерациясы мен Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) арасындағы келіссөздер туралы ақпаратқа орай жасалған. Сол келіссөздер Ресей құрамасының Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін қарастыруға арналған еді.

— 2023 жылдың наурыз айында ХОК атқарушы комитеті ресейлік төлқұжаты бар спортшыларға қатысты қабылдаған ұсыным күшінде қалады. Кейбір спортшылар бейтарап мәртебемен жарыстарға қатыса алуы мүмкін, алайда олар ұлттық команда ретінде қарастырылмайды. IIHF осы ұстанымды ұстанатынын растады, – делінген ХОК-тың ресми хабарламасында.