Жүзу: Әділбек Мусин іріктеуден өте алмады

Редакция Ulyssport

Жүзуден алғашқы Олимпиадасына қатысқан жерлесіміз жарысты сәтсіз бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Ұлттық құрама спортшысы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасында 100 метрге еркін әдіспен жүзуде іріктеуде сынға түсті.

Ол мәреге 8-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші - 49.92 секунд. Өкінішке қарай, отандасымыз келесі кезеңге шыға алмай, бұл бағдарламаны аяқтады.

Айта кетейік, бұл сайысқа 65 мемлекеттен 79 қатысушы қатысып жатыр.

Енді жерлесіміз 2 тамызда 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде сынға түседі.