Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан командалық есепте 4-орын алды

Редакция Ulyssport

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Asian Athletics

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері — Нора Джеруто (3 000 метр кедергілермен жүгіру, 5 000 метр) және Дейзи Джепкемей (10 000 метр).

Биіктікке секіруден күміс жүлдені Елизавета Матвеева жеңіп алды.

20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева үшінші болып келді. Сондай-ақ, Дейзи Джепкемей 3 000 метр кедергілермен жүгіруде қола медаль иеленді.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынға Қатар командасымен бірге жайғасты — екі елдің де медаль саны бірдей.

Командалық есепте Қытай көш бастады (19 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль), екінші орынға Үндістан (8 алтын, 10 күміс, 6 қола), ал үшінші орынға Жапония (5 алтын, 11 күміс, 12 қола) жайғасты.