Бокс: Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан ойсырай ұтылды

Редакция Ulyssport

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тоқтарбек Таңатқан алғашқы айналымда сүрінді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

 

2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 80 келі салмақта күміс жүлде алған Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан жарыс жолынан шығып қалды. Осы салмақта фавориттің бірі саналған Тоқтарбек 1/8 финалда Доминикан өкілі Кристиан Пиналеске әлі жетпеді. Есеп: 0:5.

Бұл қандасымыздың қатысқан екінші Олимпиадасы. 3 жыл бұрын Токио Олимпиадасында ол ширек финалда есе жіберген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Ташкент төріндегі финалда қос қазақ жұдырықтасып, Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанған.